Емделушілердің оқиғалары
Атырау облыстық Перинаталдық орталығының дәрігерлері жүкті әйелге күрделі операция жасады. Бас дәрігердің орынбасары Меруерт Айдарханованың айтуынша, пациент жүктіліктің 38 аптасын өткеріп жүрген.

Оған "жатырдағы екі тыртық. Плацентаның жатырдағы тыртыққа енуі" диагнозы қойылған.

– Ота кезінде жұлынға кешенді эпидуральды анестезия енгізілді. Жүкті әйел ота кезінде ояу болды. Ота автогемотрансфузия аппараты мен лапаротомиялық ультрадыбыстық скальпель құрылғысымен жасалды. Әйелдің репродуктивтік органдары (метропластика) сақталды. Бұл жолы ана мен бала өмірін сақтап қалу үшін кешенді ем қолданып, жаңаша әдіс таңдап алынды. Себебі бұрынғы отадан қалған тыртық салдарынан кесарь тілігін жасау қауіпті еді, – дейді Меруерт Айдарханова.

Оның айтуына қарағанда, орталықта мұндай ота 2023 жылдан бері жасалады.

– Ота кезінде пациенттен кеткен қан өзіне қайтадан құйылды. Соның нәтижесінде пациентке донорлық эритрацитарлық масса мүлдем құйылған жоқ. Ультрадыбыстық скальпельді қолдану арқылы плацентаның тыртыққа енген бөлігіне коагуляция жасалып, алынып тасталды. Бұл әдіс қан кетуді азайтады, – деп мәлім етті дәрігер.

Мұндай отаның құны 1 млн теңге тұрады, алайда жүкті әйелге ота МӘМС жүйесі арқылы тегін жасалған.

Кaz.inform.kz
26.01.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
В ТАРАЗЕ УДАЛИЛИ ОПУХОЛЬ МОЗГА РАЗМЕРОМ 6 СМ, ПРОНИКАВШУЮ В ЧЕРЕП
В ТАРАЗЕ УДАЛИЛИ ОПУХОЛЬ МОЗГА РАЗМЕРОМ 6 СМ, ПРОНИКАВШУЮ В ЧЕРЕП
В многопрофильной больнице Тараза успешно удалили опухоль мозга у мужчины 1963 года рождения из Жамбылской области.
09.07.2025
В СЕМЕЕ ПРООПЕРИРОВАЛИ ПАЦИЕНТКУ С ВАРИКОЗНОЙ БОЛЕЗНЬЮ НОГ
В СЕМЕЕ ПРООПЕРИРОВАЛИ ПАЦИЕНТКУ С ВАРИКОЗНОЙ БОЛЕЗНЬЮ НОГ
Боль 30 лет убрали одной процедурой. Современная малоинвазивная операция стала для женщины буквально шагом в новую жизнь.
25.06.2025
"МЫ ДАЖЕ НЕ МЕЧТАЛИ": В АЛМАТЫ ПРООПЕРИРОВАЛИ МАЛЬЧИКА С 8 ПАЛЬЦАМИ
"МЫ ДАЖЕ НЕ МЕЧТАЛИ": В АЛМАТЫ ПРООПЕРИРОВАЛИ МАЛЬЧИКА С 8 ПАЛЬЦАМИ
В Алматы на базе детской городской клинической больницы №2 состоялся уникальный международный мастер-класс по реконструктивным операциям при врожденных и приобретенных патологиях кисти и верхних конечностей у детей.
24.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу